• Hızlı Erişim
  • Announcements
  • DUYURU 3

    Yayın politikamız

    gereği, yayinlanacak

    makale sayısı

    sınırlandırılmış,

    olduğundan Aralık 

    2019 sayısı

    dolmuştur.


    DUYURU 2

    Dergimiz ana

    sayfasında

    "Dergi Hakkında"

    kısmında belirtilen

    alanlar dışında

    yayın kabul 

    etmeyecektir.

     


    DUYURU 1

    Dergimizin 2019

    yılında "TR INDEX"

    kapsamında olduğu

    ULAKBİM tarafından

    yayınlanmıştır.


Summary


ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұл мақалада балалар әдебиетінің даму арналары мен ,балалар әдебиетінің сын мәселелері арнайы қарастырылады. Қазақ балалар әдебиетіндегі кейбір жанрлардың дамуы, кейбір ақын- жазушылардың балалар әдебиетіндегі орны салмақталып, баға беріледі. Бала дүниетанымы мен психологиясын танытудағы қаламгер шеберлігіне талдаулар жасалады.Балалар әдебиеті - әдебиеттің жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен терең байлыныста болғандықтан ашылмаған қыр-сыры көп. Балалар әдебиетін зерттеумен айналысқансыншы Қ.Ергөбек көпшілік сыншылар бара бермеген балалар әдебиетінің өкілдері туралы жазған. Қазақ балалар әдебиетінде жете назар салуды қажетсінетін мәселенің бірі-жанр проблемасы. Соның бірі - балалар прозасы. Қ.Ергөбек қазақ балалар прозасының дамуы біркелкі еместігін ескерте отырып, С.Бегалиннің «Сәтжан», «Шоқан», С.Мұқановтың «Бақташының баласы», М.Әуезовтың «Көксерегі», С.Омаровтың жиырмасыншы жылдардың шындығын бала кейіпкер бейнесінде суреттеген әңгіме, повестері, сөз жоқ, балалар прозасының әр кезеңдегі, белеңді туындылары. Әрдайым жадымызда ұстайтын шығармалар деп, баға береді. Тәуелсіздік дәуіріне дейінгі балалар әдебиетінің даму процесі мен балалар жазушылары шығармашылығына тоқталып, қажет тұстарында сүбелі ойлары беріліп, қазақ балалар әдебиеті сынының даму арналары айқындалады. Мақалада Қ.Ергөбек қазақ балалар прозасының тілі туралы да арнайы сөз етеді.Тіл білмеуден, әйтпесе, күнделікті тіршілікте аз қолданылатын сөздерді іздене пайдалана алмаушылықтан, сөздің мағынасына мән бермей қате қолданушылықтан, стильдік олақтықтан, өмір көрінісін образбен жеткізем деген тілектен туған қойыртпақ қолданыстардың балалар әдебиетінде орын алуына жол жоқ екендігін өткір сынайды.

Keywords
жанр, балалар поэзиясы, балалар прозасы, балалар прозасының тілі
Adres :ANKARA
Telefon :0506 509 32 59 Faks :
Eposta :dergiavrasya@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri