• Hızlı Erişim
  • Announcements
  • DUYURU 3

    Çalışmalarınızı sadece dergipark üzerinden yüklemenizi önemle rica ederiz.


    DUYURU 2

    Dergimiz ana

    sayfasında

    "Dergi Hakkında"

    kısmında belirtilen

    alanlar dışında

    yayın kabul 

    etmeyecektir.

     


Summary


ТҮРКІ ТІЛДЕРІ САНДЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫ МӘСЕЛЕСІ
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есімдердін көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларының қалай жасалғаны анық көріне бермейді. Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сөздер бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан да әр түрлі. Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есімдер. Тіліміздегі сан есімдерді басқа тілдер (туысқан тілдер) материалдарымен салыстырғанда, сондай-ақ, ескі түркі фактілерімен салыстырғанда, олардың бәріне ортақ кейбір жайлар анықталады. Аздаған фонетикалық ерекшеліктерге қарамастан, қазіргі түркі тілдеріндегі сан атаулары көне түркі ескерткіштері тіліндегі тұлға-тұрпатын, мән-мағынасын негізінен сақтаған деуге болады. Тілдегі белгілі бір ұғымдар жүйесін білдіретін сөздердің барлығы бірдей тұтасымен басқа, жат тілдерден ауыса бермейді. Өйткені жат тілдік элемент қашанда жат, тілдің ішкі заңдылықтарымен бар кезде бірдей астаса бермейтінін былай қойғанда, ондай шеттен енген сөздер бар уақытта тілдің ішкі заңдылықтарына үйлесе де бермейді. Мақалада сан есімнің мағыналық түрлеріне байланысты нақты мысалдар негізінде осы жайлар қарастырылады.

Keywords
санақ, мөлшер, ескі түркі фактілер
Adres :ANKARA
Telefon :0506 509 32 59 Faks :
Eposta :dergiavrasya@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri