• Hızlı Erişim
  • Announcements
  • Yeni Duyuru

    Dergimizin Eylül 2020 sayısının editörlüğünü Ankara Hacı Bayram Veli Üniversitesi'nden Doç. Dr. Gamze Öksüz yapacaktır. 


    Duyuru

     

    Çalışmalarınızı "Yazım ve Yayın İlkeleri" çerçevesinde Dergipark adresimizden yükleyiniz.


Summary


ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Диалектизм әдеби тілден тыс құбылыс, дегенмен оның әдеби тілді толықтыруға, байытуға үлесі мол. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда, халық қазынасы ретінде пайдаланылатын сөздер – диалектизмдер. Мақалада диалектілік лексиканы терминқор қалыптастырудың тұрақты көздерінің бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады. Сонымен қатар, ауызекі сөйлеу тіліне де, әдеби тілге де, диалектілік аймақтық лексикаға да тән аралық құбылыс – дублеттерге тоқталады. Дублеттер мен диалектизмдер, кейде синонимдер бір- бірімен араласып-құраласып, ұштасып жатуы, дублеттердің тілде құрамы мен мағынасы жағынан параллель қолданылатын сөздер екендігі туралы айтылады. Белгілі бір диалектілерге тән сөздерді жинап, сөздігін құрастырудың және оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің ішіндегі жергілікті диалектілерге тән әртүрлі ерекшеліктерді салыстыруға және тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектесетін бірден-бір көмекші, ол әрине – диалектологиялық сөздіктер. Сондықтан мақалада диалектологиялық сөздіктер пайдаланыла отырып, біршама сөздерге тоқталып, олардың қолданылу ерекшеліктері мен анықтамасы берілді.

Keywords
Диалектизмдер, дублеттер, диалектология, диалект, тілдік ерекшеліктер, диалектологиялық сөздік.
Adres :ANKARA
Telefon :0506 509 32 59 Faks :
Eposta :dergiavrasyad@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri