English

Russian
Anasayfa  |  Künye   |  Haberler  |  İletişim

Avrasya Dergisi

Hızlı Erişim







Abstract


ӘНШІ-АҚЫНДАР – САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРДІҢ ЖАЛҒАСЫ
Мақалада Арқа өңірінде ерекше қарқынмен дамыған, өзіндік мектеп қалыптастырған әнші-ақындар шығармашылығының ерекшеліктері сөз болады. Авторлар қазақ даласындағы сал-серілік өнердің сипаттарына да тоқтала отырып, олардың заңды жалғасы сияқты көрінетін әнші-ақындар тобын өзге өнер ортасынан айырықшалап тұратын белгілеріне тоқталған. Әнші-ақындардың қазақ ұлттық өнерін өрістетудегі, әсіресе музыка мен сөз өнерінің XIX ғасырда айырықша дамуындағы атқарған қызметі зор болды. Қазақ даласының әр аймағында қалыптасқан осындай мектептің бірі – Арқадағы әнші-ақындар мектебі. Әйгілі Біржан сал дәстүрінен түлеп ұшқан Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ғазиз, Иманжүсіп, Кемпірбай, Шашубай, Тайжан, Ағашаяқ сынды өнер тарландарының шығармаларындағы тақырып өрісі, атап айтқанда, әнші-ақындардың шығармаларындағы әлеуметтік мәселелердің қозғалуы, олардың қоғамдық ортаға деген сыншылдық көзқарасы, әділетсіздік атаулыға деген қарсылық таныту көзқарастарының туу себептері сөз етіледі. XIX ғасырдағы қазақ даласында болып жатқан оқиғалар, яғни ен даланы еркін иемдене бастаған отарлаушылар әрекеті, отар елге айналып бара жатқан қазақ елінің тағдыры, елдің сол уақыттағы хал-күйі әнші-ақындардың бәрін де бейжай қалдырмады. Осындай тарихи оқиғалар қозғалысына үн қатқандардың бірі әнші-ақындар тобы екені дәлелді мысалдармен, бұған дейін айтылған ғылыми пікірлермен орайлас сөз болады.

Keywords
қазақ сөз өнері, әнші-ақындар, сал-серілік дәстүр, әлеуметтік теңсіздік, ғашықтық ғаламаты


Gelişmiş Arama


Duyurular

    DUYURU

    Mayıs 2018 sayısı "İran Türkleri" konulu olup editörlüğünü Osmangazi Üniversitesi, Fen edebiyat Fakültesi, Karşılaştırmalı Edebiyat Bölümü öğretim üyesi Yrd.Doç.Dr. Farzaneh DOULATABADİ yapacaktır.


    DUYURU

    Yazar, hakem ve okuyucularımızın dikkatine; 

    2018 yılından itibaren yayın tarihimizi Mayıs ve Kasım ayları olarak değiştirmiş bulunuyoruz.

    Dergimiz 2018 sayıları Mayıs 2018 ve Kasım 2018 tarihlerinde yayınlanacaktır. 


Adres :ANKARA
Telefon :0506 509 32 59 Faks :
Eposta :info@avrasyad.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri