Özet
Нарықтық жағдайындағы туристік бизнестің дамуы рекреациялық ресурстарды, капиталды, технологияны және кадрларды талап етеді. Туризм Орта Азия аймағында ғана емес, сонымен қатар Европа мен Азия арасында дамиды деп күтілуде, бұл Дүниежүзілік туризмге жаңа ресурстардың пайда болғандығын көрсетеді. Өзбекстанға келген туристтерді көршілес Қазақстанның Түркістан қаласына тартуды іске асыру үшін, алдымен сол елдің туризм саласындағы жетістіктері мен туризм салаларының дамуын білудің маңызы үлкен. Осы себептенде бұл мақалада Өзбекстан Респуликасының туристік-рекреациондық ресурстарының дамуына талдау жасалады. Тақырыптың негізгі мақсаты мен міндеті: Өзбекстанның табиғи-рекреациялық ресурстарын, оларды пайдалануын, туризмнің ел экономикасындағы алатын орнын, теориялық даму негіздерін зерттеу болып табылады. Туристік рекреациялық ресурстарына байланысты туристік аудандастыру арқылы зерттеу үшін келесі міндеттерді қарастырдық: 1) Өзбекстанның рекреациондық ресурстарын, оның табиғи рекреациялық нысандарының мүмкіншіліктерін және оларды туризм саласын дамытуда пайдалану; 2) Өзбекстанның табиғи рекреациондық мүмкіндіктерін пайдаланып туризм дамуының негізгі тенденцияларын үйрену; 3) Өзбекстанның туризм дамытудағы келешек бағыттары. Зерттеу объектісі: Өзбекстанның туристік-рекреациондық ресурстары.
Yazarlar
Nurzhan Abıshov, Aizhan Abishova
Anahtar Kelimeler
Өзбекістан туризмі, анализ, турист тарту
Yayın Bilgileri
- Yayın Tarihi
- 14 Mayıs 2016
- Gönderim Tarihi
- 1 Mayıs 2016
- Cilt
- 4
- Sayı
- 9
- Yıl
- 2016
- Sayfa
- 116-126
- Dil
- Türkçe
- Durum
- Yayınlandı
- Görüntülenme
- 0
- İndirme
- 0
Dosyalar
Atıf ve İndeksleme Bilgileri
Bu bilgiler akademik indeksler, atıf yöneticileri ve sosyal medya paylaşım araçları için hazırlanmıştır.
PDF URL: https://avrasyad.com/public/galley-download.php?id=205