Hakemli • Açık Erişim • Bilimsel Yayın

DOI: 10.33692/avrasyad.509550

КӨЗ СОМАТИЗМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Avrasya Uluslararasi Arastirmalar Dergisi

Özet

Мақалада коммуникация кезінде қолданылатын ым, ишараттардың, оның ішінде көз соматизмінің әлеуметтік және мәдени қызметтерінің қолданылу дәрежесі сөз болды. Көз қимылдарының ишараттық және дене қалыбы әрекеттерімен тығыз байланысты болып келетіндігі қарастырылды. Сонымен қатар көзге қатысты бейвербалды элементтердің мәнмәтінге қарай беретін мағынасы, яғни бір қимылдың бірнеше мағынада қолданылуы мүмкіндігі дәйектелді. Көз соматизміне байланысты көп мағынаны білдіретін ым-ишараттардың мағыналық топтары сараланып көрсетілді.Көз қимылдарының және көздің әлеуметтік, коммуникативтік қызметінің айрықша ережелерін қолдану тек мәнмәтінде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар арнайы рәсімдерде де қолданылады. Күнделікті диалогті қарым-қатынаста адамдар өз мақсаттарына жету үшін жиі көз қимылдарын пайдаланып жатады. Көздің көмегімен мақсатына жету үшін әртүрлі қимылдар жасалынады. Мәселен, көзін қағу, көзімен ату немесе көзімен жүргізу, көзімен ымдау, т.т.Сонымен қатар мақалада вербалды амалдармен жеткізілген хабарда сөйлеушінің эмоциясын, оның қандай жағдайда және нені меңзеп тұрғанын толықтай білу жеткіліксіз сияқты болатыны, ал бейвербалды амалдар сол тілдік амалдарға қосымша мағына беріп, сөйлеушінің қарым-қатынас барысында қолданған ым-ишарасы оның көңіл-күйінен хабардар етіп, шынайы бет-бейнесін ақпарат бере алатыны туралы мәселе қозғалады.

Yazarlar

Saule Mağjan

Anahtar Kelimeler

кинема, ым, функция, көз

Yayın Bilgileri

Yayın Tarihi
14 Mayıs 2016
Cilt
4
Sayı
9
Yıl
2016
Sayfa
109-115
Dil
Türkçe
Durum
Yayınlandı
Görüntülenme
0
İndirme
0
DOI
10.33692/avrasyad.509550

Dosyalar

PDF indir

Atıf ve İndeksleme Bilgileri

Bu bilgiler akademik indeksler, atıf yöneticileri ve sosyal medya paylaşım araçları için hazırlanmıştır.

PDF URL: https://avrasyad.com/public/galley-download.php?id=207

X Facebook LinkedIn WhatsApp E-posta