Abstract
Заттану арқылы жасалған аталымдар - барлық тілде кездесетін, сөздік құрамнан орын алған сөздер. Заттанған сөздердің аталым деңгейіне жету дәрежелері әр тілде түрліше болып келеді. Ол тілдердің ішкі мағыналық құрылымдарының түрлілігімен сипатталады. Қазақ тіліндегі заттану арқылы жасалған аталымдардың да ішкі мағыналық құрылымдары заттану деңгейлеріне қарай әр түрлі болып келеді.Бұл мақалада қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының негізін қалаған ғалымдар еңбектеріне шолу жасала отырып, аталым жасаудағы сөздің ішкі мағыналық құрылымының қызметі қарастырылады. Кез келген тілдегі сөздік құрамның молаюының бір жолы – жаңа сөз, яғни жаңа аталым жасау болса, ол тілдің лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларының ықпалы арқылы жүзеге асып жатады. Заттану арқылы, оның ішінде сын есімнің заттануы арқылы жасалған аталымдар, аталым деңгейіне жеткенге дейін бірнеше мағыналық даму кезеңінен өтеді де, қазіргі тілде зат есімдер қатарында танылады.Сонымен қатар, мақалада қазақ тілінде бір сын есімнің әр түрлі мағынада заттануынан бірнеше аталымның жасалатындығы тілдік деректер негізінде талданады. Сөз мағынасының қалыптасуы – адамның ойлау әрекетінің өнімі, ал өзгеруі мен дамуы – адамның танымдық әрекетінің нәтижесі деген қорытынды тұжырым жасалады.
Authors
Sveta Samenova
Keywords
Қазақ тіл білімі, заттанған сөздер, аталым, ішкі мағыналық құрылым
Publication Information
- Publication Date
- May 14, 2016
- Submission Date
- April 21, 2016
- Volume
- 4
- Issue
- 9
- Year
- 2016
- Pages
- 158-168
- Language
- Turkish
- Status
- Published
- Views
- 0
- Downloads
- 0
Files
Citation and Indexing Information
This information is prepared for academic indexes, citation managers, and social sharing tools.
PDF URL: https://avrasyad.com/public/galley-download.php?id=129